«Үнем - қоғам қуаты»

2022-03-03
Media drive
Сайтқа сілтеме

Іле Алатауының баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені анық. Бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды

Бүгінде Алматы заманауи стандарттарға сай динамикалық мегаполиске айналды. Табиғи және антропогендік факторлардың кесірінен оңтүстік астананың табиғаты да айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. Сондықтан қала тұрғындары өз қаласын жандандыруға, жасыл желекті, алмалы қаланың келбетін сақтап, көркейту жолында еңбектенуде.

Жыл сайын жасыл желек көбеюде, жаңа саябақтар, бау-бақшалар мен аллеялар салынып, өзен жағалаулары тазаруда, арық желілері кеңейтіліп, жаңа экопосттар пайда болып жатыр. Сонымен қатар «Жасыл аумақтар картасы» жасалуда.

Өскелең ұрпақ та қаланы көгалдандыру жұмыстарына белсенді тартылуда. Алматы елімізде бірінші болып «Жасыл мектеп» жобасын іске қосты.

Сүйікті қаламыздың ертеңі біздің қолымызда. Әрбіріміз шаһар келбеті үшін жауаптымыз. Өйткені, қаламыздың бүгіні мен болашағын біз қалыптастырамыз.

Сондай-ақ, ата-бабаларымыз аманат етіп кеткен кең-байтақ жердің табиғатын аялап, туған қаламыздың экологиясының жақсаруына бірге күш жұмылдырып, келешек ұрпақ үшін жайлы, қауіпсіз орта қалыптастырайық!