Ұлттық ономастика феномені: ел тарихы, жер тағдыры» атты тілтанымдық мектеп алаңы аясындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференция

2022-12-08
Media drive
Сайтқа сілтеме
ҚР Ұлттық кітапханасының  Н. Дәулетова атындағы залында  А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор,  қазақ ономастикасының негізін салушы Телғожа Сейдінұлы Жанұзақтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық ономастика феномені: ел тарихы, жер тағдыры» атты тілтанымдық мектеп алаңы аясындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Шара аясында ғалымның тілтанымдық мұрасы, түркітанудағы ономастика ғылымы, ұлттық ономастиканың өзекті мәселелері, қазақ ономастикасының жаңа бағыттары, Ұлттық ономастиканың лингвомәдениеттанымдық және ортологиялық мәселелері бойынша белгілі тілші ғалымдар баяндама жасады, Телғожа Жанұзақтың ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.