«Қазақ киносының тарланы» атты кітап көрмесі

2023-03-10
Media drive
Сайтқа сілтеме

ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімінің оқу залында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер, сценарист Сұлтанахмет Қожықовтың 100 жылдығына арналған «Қазақ киносының тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – оқырмандарды Қазақстан өнер қайраткерлерінің өмірі және өмірбаянымен таныстыру, өнер және отандық кинематография туралы әдебиеттерді кеңінен насихаттау. Кітап көрмесінде сценарист Сұлтанахмет Қожықовтың өмірі мен шығармашылығын баяндайтын кітаптар болды.