«Ұлтқа қызмет» спектальі

2022-10-05
Media drive
Сайтқа сілтеме
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Алматыға гастрольдік сапары аясында қойылым қойды. Ұжым әртістері Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш арыстарының ел мен жерге құрмет, ұлтқа адал қызмет етуді насихаттауды көздейтін туындымен шықты.
Ұлтқа қызмет деп аталатын спекталь Алаш қозғалысы тақырыбын кең ауқымда көрсеткен алғашқы қойылым. Деректі көркем драма 20 ғасыр басындағы күрделі кезеңнен сыр шертеді. Театрдың көркемдік жетекшісі, спекталь режиссері – Айдын Абзалбекұлы.
Әлихан Бөкейханов рөлін актер Айдос Нұрмағанбетов сомдайды. Ол өнер саласында 15 жыл еңбек етіп келеді.