«Әл-Фараби және түркі халықтарының рухани дәстүрлері» халықаралық конференциясы

2022-04-04
Media drive
88 көрсетілім
Сайтқа сілтеме
Жүктеу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Әл Фараби және түркі халықтарының рухани дәстүрлері» атты халықаралық конференция басталды.

Екі күнге жалғасатын іс-шара фарабитану мен түркі-ислам мәдениетіндегі философиялық тұжырымдарға бағытталған. Ғылыми форумда отандық ғалымдардан бөлек, түркі мемлекеттерінің өкілдері де баяндама оқып, бірнеше алаңда пікірталас өткізіледі.

«Әл Фараби бабамыз - біздің, жалпы ақылды адамзаттың тұғырлы биігі. Өйткені ол кісінің трактаттарының өзі 9-10 ғасырларда жазған дүниесінің өзі, бүгінге дейін өзектігін жоймай келе жатқаны мен үшін, біз үшін рухани мұра ретінде танымның биігі ретінде белгілі», – деді философия ғылымдарынығ докторы, профессор Дәулетбек Сәдуақасұлы.

Айта кетейік, аталған халықаралық жиын 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Биыл форум аясында Әл-Фараби мұрасы мен түркі халықтарының рухани дәстүрлеріне арналған кітап және сурет көрмесі де ұйымдастырылған. Одан бөлек, ғұламаның ғұмырына қатысты деректі фильмнің көрсетілімі болды.

«Тек қана бұл форум емес бізде. Осыдан кейін «Әл-Фараби әлемі» атты студенттердің конференциясы өтеді. Одан кейін Әл Фараби олимпиадалары өтеді. Бізде көптеген іс-шаралар жылда осы сәуір айында, осы университет қабырғасында өтеді», – деді философия ғылымдарының докторы,профессор Жақыпбек Алтаев.