«Түркі әлемінің бірлігі» атты кітаптар, күйтабақтар және мерзімді басылымдармен безендірілген көрме

2023-04-21
Media drive
Сайтқа сілтеме

Түркі мемлекеттері ұйымы жариялаған «2023 жыл- Түркі өркениетінің даму жылы» аясында «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітаптар, күйтабақтар және мерзімді басылымдармен безендірілген көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана қорынан алынған құжаттар ұсынылды:

-күйтабақтар: отандық және түркі халықтарының вокалды-аспаптық шығармалары, ансамбльдер, тыңдау мүмкіндігі бар вокалдық-симфониялық, музыкалық-сахналық шығармалар;

-кітаптар: түркі халықтарының VI-XX жж. тарихы мен түркі өркениетінің эволюциясы туралы;

-мерзімді басылымдар: бірегей қорынан түркі өркениетінің қалыптасуы мен дамуы туралы құжаттар ( XX ғасырдың I жарты жылығы); әзірбайжан, өзбек, қырғыз, түрік экономикасы және мәдениеті туралы газеттер мен журналдар;

-Түркі мемлекетінің 100-жылдығына арналған әдебиеттер;

КІТАП шоу -2023 келген қонақтар көрмеге үлкен қызығушылық танытып, күйтабақтарды тыңдады.