«VI-XIV ғасырлардағы көне түркі және көне ұйғыр дәуірінің жазбаша өркениеті» көрмесі

2023-03-09
Media drive
Сайтқа сілтеме

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және Халықаралық Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ХҚҒЗМИ) бірігіп ұйымдастырған АҚШ елшісінің мәдени мұраны сақтау жөніндегі қоры (AFCP) қаржыландыратын "VI-XIV ғасырлардағы көне түркі және көне ұйғыр дәуірінің жазбаша өркениеті" көрмесін ашты.

Көрме аясында белгілі режиссер және сценарист Алексей Владимирович Каменскийдің "Тағдыр жазулары" (2023 ж.) деректі фильмінің таныстырылымы музей кинозалында өтті. 

Ұйымдастырушылар бұл көрме ежелгі түркілердің ата-бабаларының бірегей жазбаша өркениеті туралы жалпы жұртшылықтың түсінігін тереңдетіп, барлық түркі халықтарына олардың ортақ мұралары бар екенін еске салады деп үміттенеді.