«Қазақстандық ғалым әйелдер» энциклопедиясы

2023-04-05
Media drive
Сайтқа сілтеме

«Қазақстандық ғалым әйелдер» энциклопедиясының тұсауы кесілді.

Басылымға отандық ғылымға еңбегі сіңген 84 адамның есімі енген. Олар медицина, психология, филология, философия және жаратылыстану ғылымдарының үздіктері.

Ғалым әйелдер еліміздің 25 университеті мен 15 ғылыми-зерттеу институты арқылы іріктелген. Екі жарым жыл жазылған жинақ 100 дана болып шығыпты. Алда келесі томдарын шығару жоспарланып отыр. Қазір елде аты танымал 10 мыңнан аса ғалым әйел, әртүрлі салада еңбек етіп келеді. Олардың тың зерттеулері әлемге танылуы керек, дейді авторлар.