Alma CUP - 2022: Алматыда чемпионат басталды

2022-12-09
Media drive
көрсетілім
Сайтқа сілтеме
Жүктеу
«Alma CUP 2022» жарысы 12 күнге созылады. Ал жеңімпаздарды марапаттау 20 желтоқсан күні өтеді. Сыйлық қоры 4 миллион теңгеден асады. Турнирде қаладағы үздік командалар футбол, баскетбол, киберспорт және волейболдан бақ сынасады. Қалалық чемпионат өткізудегі басты мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты ояту және елдің туын көкке көтеретін кәсіби деңгейдегі спортшыларды даярлау.
«Негізінен бүгінгі іс-шараға 108-ден астам команда қатысып жатыр. Сонымен қатар, бұл жерде тек қана студент жастар емес, әртүрлі кәсіпорындар, банк қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, журналистердің өздері де команда құрып, әуесқой қатысушылар ретінде біздің чемпионатқа қатысып отыр», – деді  Алматы студенттер альянсының үйлестірушісі Сандуғаш Сандыбаева.