«Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым: Дінмұхаммед Қонаевтың есімі Алматыда ұлықталды»

2022-12-09
Media drive
Сайтқа сілтеме
Өр тұлғаның құрметіне арналып шаһар төрінде концерт ұйымдастырылды. Мерекелік кеште көрермен назарына Дінмұхаммед Ахметұлының өмірінен сыр шертетін қойылымдар ұсынылып, оның сүйіп тыңдаған әндері мен әуендері көпшілікке тарту етілді. Өскелең ұрпаққа қоғам қайраткерінің еңбек жолын дәріптеп, үлгі ету – іс-шараның негізгі мақсаты.
Мерекелік кешті тамашалауға Дінмұхаммед Қонаевтың жақындары мен туыстары, қызметтес болған әріптестері, сондай-ақ қала халқы жиылды. Концерт аясында музей қызметкерлері келушілерге арнайы көрме ұйымдастырды. Онда қоғам қайраткеріне тиесілі 30-ға жуық музыкалық пластинка, отбасымен және қызмет бабымен түскен 25-ке жуық естелік суреті қойылды.