Қоғамдық даму орталығы «Алматы сән және дизайн колледжі» студенттерінің еліміздің танымал дизайнері Аида Қауменовамен сұхбат-кездесуін ұйымдастырды.

2024-03-18
Media drive
Сайтқа сілтеме
Қоғамдық даму орталығы «Алматы сән және дизайн колледжі» студенттерінің еліміздің танымал дизайнері Аида Қауменовамен сұхбат-кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында Аида Кауменова студенттерді сән үйінің және тігін цехы бөлімшелерінің жұмысымен таныстырды.

Басты ерекшелік - дизайнердің авторлық шешімдері мен оның өз қолтаңбасымен басылып шығарылған материал- туындыларын тамашалау және тігін шеберханасында сәнді бұйымдарды жасау, Сәукеле безендіру сияқты қолөнерлік шеберлік сабағына қатысу мүмкіндігі болды.

Кездесу «Алматы сән және дизайн колледжі» мен «Aida Kaumenova Fashion» Сән үйі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және колледждің 2-3 курс студенттері ұсынған жұмыстар мен ұлттық киімдердің сән көрсетілімі салтанатымен жалғасты.
Ұлттық нақышқа сай жасалған заманауи бұйымдар мен тігілген киімдер қашанда ерекше көз тартады.