Алматыдағы мектептің бірінде «ұлттық бұрыш» ашылды

2023-12-15
Media drive
Сайтқа сілтеме
Алматыда №94 мектеп гимназиясында қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында «ұлттық бұрыш» ашылды.
Идеяның басты мақсаты – мемлекеттік тілді негізге ала отыра, оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Арнайы орнатылған бұрыш ішінде қазақы нақыштағы бұйымдар мен ұлттық аспаптар, сондай-ақ оюлы көрпе қойылған.
– Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ол – отаншылдықтың бір белгісі» деп айтқан. Қазақ тілін жақсы меңгерту үшін үрдісті қолға алып жатырмыз. Ол ұлттық салт-дәстүрімізді естіп қана қоймай, көрсін, білсін деген ниетпен мектепте ұлттық бұрыш аштық, – деді №94 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнұр Жекебаева.