Тоғызқұмалақтан чемпионат өтті
2023-09-21
Media drive
Алматыда оқушылар арасында әлем чемпионаты болды. Тоғызқұмалақтан жарыс ADD үстел теннисі орталығында өтті. Cайыс қыркүйектің 21-24 күндері аралығында өтті. Оған барлығы 16 ел: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және тағы басқа елдердің ойыншылары қатысты.
