Мерейлі отбасы-2023: Алматыда конкурс комиссиясының отырысы өтті

2023-07-14
Media drive
Сайтқа сілтеме
      «Мерейлі отбасы-2023» байқауына өтінім беру аяқталды. Мегаполистен байқауға 232 отбасынан өтініш келіп түскен. Әділ-қазылар олардың арасынан үздіктерді таңдайды. Қалалық конкурстың жеңімпазы республикалық кезеңде бақ сынайтын болады. Айта кетейік, биыл елімізде Ұлттық конкурс 10-рет ұйымдастырылып отыр. Мақсат – отбасы мәртебесін көтеру.