«Әйел отбасының жылуы» атты іс-шара

2023-05-15
Media drive
Сайтқа сілтеме
Халықаралық отбасы күні аясында Алматы қаласы республикалық Достық үйі мен «PROFEXPERT» ЖШС ұйымдастыруымен «Әйел отбасының жылуы» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – отбасы мәдениеті туралы түсінік беру, бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, бақытты жанұяның моделін дайындау, отбасы құндылығын насихаттау.
Кездесуге «Almaty» телерадиокомпаниясының бас продюсері Ралида Мұқанова, белгілі тележурналист, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты Толқын Сайдуова, «PROFEXPERT» ЖШС директоры Руслан Қалиоллаұлы және этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.
Отбасы тақырыбы жиналған қатысушыларды өте қызықтырды. Кездесу соңында қатысушылар сұрағын қойып, бір-бірін мерекемен құттықтады.