Әуежай қызметкерлері мен авиақалашық тұрғындары Наурыз мейрамын атап өтті
2023-04-21
Media drive
50 көрсетілім

Әуежай қызметкерлері мен авиақалашық тұрғындары Наурыз мейрамын атап өтті.
Киіз үй тігіліп, аста төк дастархан жайылды. Үлкендер батасын беріп, үлгі-өнеге көрсетсе, жастар сауық құрып, көңіл көтерді. Іс-шара барысында Алматы Халықаралық әуежайының президенті жұртшылықты айтулы мейраммен құттықтап, тігілген 8 киіз үйдің ең үздігін марапаттайтынын айтты.