«Пернесінде сөйлейді ұлы дала» атты республикалық байқаудың қорытынды кеші

2023-04-22
Media drive
Сайтқа сілтеме

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде домбыра жасау шеберлеріне арналған «Пернесінде сөйлейді ұлы дала» атты республикалық байқаудың қорытынды кеші өтті.

Байқау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған болатын. Шара аясында музей қоры қазақ күй өнерінің алыптары мен тарихи тұлғалар Құрманғазы Сағырбайұлы, Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Дина Нұрпейісова, Қазанғап Тілепбергенұлы, Сүгір Әлиұлы, Есбай Балұстаұлы, Кенен Әзірбаев домбыраларының көшірмелерімен толықтырылды.

Шараның басты мақсаты - домбыра жасаушы қолөнер шеберлерін көпшілікке таныстыру және  күй атасы Құрманғазының мәдени мұрасын насихаттау. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізілген «Ортеке» аспабы музейдің «Қазақ этнографиясы» залына орналастыру.