Сенсацияға толы сән апталығы
2023-04-20
Media drive
24 көрсетілім

Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының 32-маусымы аяқталды. Онда отандық және шетелдік 17 дизайнер өз топтамаларын ұсынды.
подиум айналасына тігілген ақшаңқан киіз үйлер мен декоративті ағаш-бұталар іс-шараның көркін келтірді. Kazakhstan Fashion Week жобасының негізін салушы әрі арт-директоры Алексей Чжей түп-тамырымызға тереңінен үңілетінімізді, сондықтан топтамаларда, безендіруде, сондай-ақ стилизацияда этникалық элементтер басым болатынын мәлімдеді. Сән көрсетіліміне келген қонақтардың өзі бірі тақиясын, бірі шапанын киіп, енді бірі ұлттық әшекейін тағып келген.
Ұлттық сән апталығының 32-маусымында халықаралық байқаулардың лауреаты, модельер Адиля Ботабаева Қазақстандағы алғашқы трансформерлер бренді YANG LAIN-нің «Ozgeshe» топтамасымен жұртшылықты таңғалдырды. Көшпенділер бейнесінен шабыт алған дизайнер қазақ мәдениетінің заманауи интерпретациядағы кейпі болып саналатын 12 трансформер бейнесін жасаған.