Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

2023-03-21
Media drive
Сайтқа сілтеме

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық спорт түрлері ұлықталды. Алматылық мектеп оқушылары арқан тартыс, қазақша күрес, тоғызқұмалақ пен асық атудан бақ сынасты. Қаланың 8 ауданынан іріктеуден өткен үздік спортшылар өзара мықтыны анықтады.

Қолөнершілер өз бұйымдарын көрмеге қойып, қыран бүркіт пен жүйрік тазы әкелген. Палуандар белдесіп, жігіттер арқан тартыс ойынында күш сынасты.

Жарыс соңында әр спорт түрінен үздік танылғандар марапатталды. Қазақтың жаңа жылын тойлауға келген көпшілік осылай ұлттық құндылығымыздың озығын көріп, рухани тәлім алып тарасты.