Алматылық оқушылар Президенттің архивінде жұмыс істеп көрді

2022-08-17
Media drive
Сайтқа сілтеме
Мектеп оқушыларына құжаттардың қалай сақталатыны, өңделетіні, қайта қалыпына келтіру және цирфрландыру жұмыстарын көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Болашақ архивші» іс-шарасы аясында шеберлік сабақтарына қатысты. Құжаттарды іріктеп, жанры мен жылына қарай жіктеуді үйренді. Ересек балалар ескі құжаттарды қалпына келтіріп, арнайы сөздер мен сандар арқылы қажетті деректерді табуды үйренді. Архившілердің айтуынша, қазір бұл салаға жастар қызығушылық танытпайды. Сондықтан да мұрағатты ішкі қырынан көрсетіп, ынталандыруды мақсат еткен.

«Архив дегеніміз – ол тарихтың сақтаушысы ғой. Балалар негізі мектепте тарих сабағын оқиды. Ол тарих қалай жазылады, бұл тарих архивтік құжаттардың негізінде жазылады ғой. Соны біз көрсетуіміз керек, болашақта кейбір оқушылар архивші болатын шығар», - дейді ҚР Президентінің архиві оқу әдістемелік орталығының сарапшысы Ботагөз Бейсенбекқызы.