АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ЖАЗУШЫСЫ САПАРҒАЛИ БЕГАЛИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

2020-05-18
Media drive
Сайтқа сілтеме
24 қарашада Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Алматы қаласы Мәдениет басқармасы қолдауымен қазақ балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің 125 жылдығы аясында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты халықаралық конференция өткізді. Конференцияның мақсаты: ақпараттық қоғамдағы кітап оқудың ролі, балалар мен жасөспірмдердің кітап оқуын әлеуметтік ортада қолдау және ынталандыру,қазақ жазушыларының шығармашылығын дәріптеу, Қазақстанның тарихи мұрасын сақтау, халықаралық байланыстарды нығайту. Конференцияға ғылым және шығармашылық қоғам өкілдері, жазушылар, әдебиетшілер, Алматы қаласы және Қазақстан облыстық аумақтарының кітапханалары, ТМД елдерінің кітапханалары, оқытушылар, мұғалімдер, мектеп кітапханашылары, Алматы қаласы қоғамдарының өкілдері қатысты.