«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің қауіпсіздігі үшін күрес» атты тұрақты жұмыс істейтін көркемделген кітап көрмесі

2023-03-03
Media drive
Сайтқа сілтеме

ҚР Ұлттық кітапханасының Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің оқу залында жемқорлық құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің қауіпсіздігі үшін күрес» атты тұрақты жұмыс істейтін көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - азаматтардың құқықтық сана деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын білуін және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларын қолдануын насихаттау.

Көрмеде әдебиеттер заңнамалық база, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстандағы және шетелдегі ағымдағы ахуал, сыбайлас жемқорлық түрлері және онымен күрес тақырыптары бойынша топтастырылған.