«Жаңа Қазақстан - бұл Әділетті Қазақстан» атты дөңгелек үстел

2023-01-24
Media drive
Сайтқа сілтеме

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, №4 кітапхана-бөлімшесінде «Жаңа Қазақстан - бұл Әділетті Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті.

Оған «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналдың бас редакторы Дәуіржан Төлебаев, “Заң” құқықтық ғылыми-практикалық журналының редакторы Түймегүл Ибашева, “Ақиқат” ұлттық қоғамдық-саяси журналдың бас редакторының орынбасары Дина Имамбай, саясаткер, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ақбөпе Абылқасымова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия кафедрасының аға оқытушысы Ерболат Қошқарбаев қатысты. Сондай-ақ, Алматы полиграфия колледжі мен Әділет колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.

Мақсаты – жаңа Қазақстан туралы, бүгінгі өзгерістер қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қоғамның санасын жаңғыртуға жол ашатыны туралы түсіндіру.