Бүгін, қазақ киносының негізін қалаушы, танымал актер, шебер кинорежиссер, мемлекет және қоғам қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына – 110 жыл.

2024-02-15
Media drive
Ссылка на страницу
Ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасып дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнаған шоқтығы биік тұлға – халқымыздың ардақты ұлының есімі – ел жадында мәңгілікке сақталған.

Шәкен Айманов театр сахнасында қайталанбас образдар жасап, дарындылықтың барлық қырларын меңгеріп, түрлі жанрда актерлік жеңіске жетті.

Бүгінде, тарихи тұлғаның есімімен Халықаралық кинофестивалі, «Қазақфильм» киностудиясы және қала көшесінің атауы аталып, ескерткіші орнатылған.

Ұлы тұлғаның баға жетпес туындылары, өнегелі өмірі, еліне деген сүйіспеншілігі мен қалдырған асыл мұрасы бүгінгі ұрпаққа жарқын үлгі.