Мағжан шығармаларының үш томдығы жарық көрді

2023-10-16
Media drive
Ссылка на страницу
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай  «М. Жұмабаев мұрасы: түркі дүниесінің рухани тұтастығы мен тарихи сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Сонымен қатар жиында М. Жұмабевтың шығармаларының үш томдық академиялық толық жинағының тұсаукесері өтті. Конференция аясында Ғылым Ордасы РМК Орталық ғылыми кітапханасы ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.