Құрманғазы шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш

2023-05-17
Media drive
Ссылка на страницу
Ұлттық кітапхананың Өнер бөлімінде XIX ғасырдағы белгілі қазақ музыканты, композитор, күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.
Іс-шараны директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашты.
ҚР Ұлттық кітапханасының қорына А.Райымбергенов, С.Райымбергенованың «Властелитель кюев Казангап»; «Күй төресі Қазанғап»; «Қазанғап. Күйлер. Казангап. Кюи» жаңа кітаптарының даналары сыйға тартылды. Сондай-ақ, авторлар-А.Жайымов, Б. Ысқақов, Қ. Сахарбаева, А. Жайымның «Домбыра сазы» кітабы.
Кеш қонақтары қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Сахарбаева Карима; Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкант, күйші-домбырашы, композитор Әбілтаев Шамиль; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, музыкалық колледждер мен мектептердің оқушылары, кітапхана оқырмандары және тағы басқалары қатысты.