Ахмет Жұбановтың туғанына 117 жыл толуына арналған кеш

2023-05-04
Media drive
Ссылка на страницу
Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрімен бірігіп, Қазақ КСР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, композитор, дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 117 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Шара аясында қазақ музыка өнерінің көшін алға сүйреген бірегей тұлғаға арналған көрме ұйымдастырылып, өмірлік, шығармашылық және ғылыми-педагогикалық жолын баяндайтын құнды жәдігерлер қойылды. Олар өнер қайраткерінің ғылыми еңбектері, қолжазба партитуралары, марапаттары, жеке құжаттары мен домбырасы, фрак және дирижерлық таяқшасы сынды экспонаттар.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасының студенттері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Аружан Алпысбаева мен Шыңғыс Нұрғалиұлының өнері де көпшілікті сүйсінтті.
Шараға композитордың туыстары, ұрпақтары мен өнер қайраткерлері қатысты.