Академик Мұрат Ғылманов атындағы оқу-зертханасы ашылды «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» әдеби квесті

2023-04-27
Media drive
Ссылка на страницу

Алматыда мектеп оқушылары арасында әдеби квест өтті. Ойын түрінде өткен жарыста 5 оқу ордасының шәкірттері бақ сынасты.

Доданың 8 кезеңінде де көрнекті тұлғалардың еңбегі талданды. Конкурс қатысушыларының үздігін анықтау үшін әділқазы алқалары жұмыс істеді. Байқауды Қоғамдық даму орталығы ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты – жасөспірімдерді патриоттыққа, бірлікке, ұлттық құндылықты ұлықтауға шақыру. Жеңімпаздар арнайы диплом, алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бас жүлдені иеленген топ 100 мың теңге көлемінде сыйақы алды.