«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!» қалалық поэзия - ән байқауы

2023-02-09
Media drive
Ссылка на страницу
    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойы аясында ЖОО студенттерінің арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!» қалалық поэзия - ән байқауы өтті.
     Байқауда Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Алаш сыйлығының лауреаты Бақыт Беделхан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Медеу Арынбаев, Өнер, мәдениет және спорт институтының аға оқытушысы Назым Болатханқатарлы өнер майталмандары қазылық етті.
 Байқауға 131 үміткер қатысты. Байқау келесі наминациялыр бойынша жүргізілді:
- Мұқағали поэзиясы - 63 үміткер;
- Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер - 36 үміткер;
- Жас ақындардың жеке шығармашылығы - 32 үміткер.
Байқауға Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына қызуғышылық танытқан, өлеңдері мен ақынның сөзіне жазылған әндерді жатқа білетін, талантты студенттер бағын сынап, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты - дарынды жастардың өнерін қолдау, талантты студенттерді ынталандыру және ЖОО-дары арасында қарым-қатынас пен шығармашылықты нығайту.