«Мұхтар Әуезов әлемі» лонгрид байқауы

2022-12-08
Media drive
Ссылка на страницу
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Жобалық кеңсесі шығармашыл жастар арасында өткізілген «Мұхтар Әуезов әлемі» атты лонгрид байқауын қорытындылады.
Байқау қазақ әдебиетінің классигі, халық жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығына арналды.
Жоба мақсаты – жазушының мол мұрасын дәріптеп, жастардың бойында адамгершілік ұстанымдар мен рухани құндылықтарды қалыптастыру.
Әділ қазылар алқасы үздік жұмыс иегерлерін анықтап, байқау қорытындысы бойынша:
І орынды – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенті Камашева Жансая;
ІІ орынды – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Крымкул Нұрай;
ІІІ орынды – Қазақ Ұлттық педагогигалық университетінің студенті Орынбасар Аружан иеленді.
Жеңімпаздар арнайы диплом және қаржылай жүлделермен марапатталып, талантты жастар қосымша ынталандыру сыйлықтарына ие болды.