«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»

2022-03-03
Media drive
Ссылка на страницу
Қазақтар өміріндегі халық музыкасының ерекше рөлі мәдениеттің осы қабатының терең тарихи топырағын растайтын көптеген көне мифтер мен аңыздарда көрініс табады. Қазақ фольклорындағы осы аңыз-әңгімелермен тереңдігі мен сұлулығымен салыстыруға болатын нәрсе аз. Оларды қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалар мен халықтар жасаған. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы мен «Дала фольклоры мен музыкасына 1000 жыл» арнайы жобасы негізінде жасалған жобаның басты мақсаты – ұлттардың музыкалық дәстүрін, дәстүрлі музыка мәдениетін зерделеу. Экспедициялық жұмыс – фольклор жағдайын зерттеудің негізгі түрі. Экспедициялар тұрақты түрде өткізіледі, олардың құрамына консерваторияның профессорлары мен студенттері кіреді. Экспедиция барысында жиналған музыкалық материалдар мұрағаттарда , қорларда және зертханаларда , халық музыкасын зерттеу орталықтарында сақталады . Музыканы естігенде оған сөз салып, әңгіме айтқың келеді. Ән осылай туады. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, ой-санасын, сезімін, үміті мен арманын, мұңы мен қуанышын бейнелеген әндерінде. Біздің міндетіміз – халықтың тарихи мұрасы – дәстүрлі музыкалық фольклорды өскелең ұрпақ санасына насихаттау, ұлттық мәдени құндылықтарды ғылыми тұрғыдан зерделеу.