Алматыда Темірбек Қожакеевтің 95 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

2022-03-25
Media drive
Ссылка на страницу
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде көрнекті ғалым, көркем публицистикалық очерктердің авторы Темірбек Қожакеевтің 95 жылдығы қарсаңында ғылыми конференция өтті.

Шараға қатысқандар профессордың өмірлік жолынан сыр шертіп, сатиралық туындыларын талдады. Темірбек Қожакеевтің шығармашылығын өз еңбектеріне арқау еткен жандар жиналғандар алдында ғылыми жұмыстарын таныстырып, баяндамалар оқыды. 

«Темірдей тәртіптің адамы болатын. Бауыржан Момышұлының сөзі бар ғой «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген. Ол кісі декан кезінде факультетте тәртіпті ұстайтын. Ол кісімен бір кафедрада бірге істедік. Өзінің шәкірті болдым. Кейін әріптес болдық», - деді Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.

Бүгінде Темірбек Қожакеев оқулары аталмыш жоғары оқу орнында жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Ал ғылыми зерттеу жүргізіп, еңбектері үздік деп танылған 9 студент Қожакеев атындағы шәкіртақы иегері атанды.  

«Темірбек Қожакеев бүгінгі ұрпақ емес келер ұрпақ үшін де қалдырып кеткен қайталанбас дүниесі өте көп. Ол кісінің жазған шығармаларын кешегі журналистика факультеті десе ол кісінің есімі бірге аталады», - деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев.