Мал терісіне бедер салған суретші

2023-12-15
Media drive
Ссылка на страницу
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Құттыбек Жақыптың «JaQut» атты жеке көрмесі ашылды. Көрме еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған. Өнердің өз өкілдері жиналған мәдени іс-шарада суретшінің шығармашылығына арналған «Құттыбек Жақып» альбомы мен «JaQut» каталогының тұсауы кесілді. Қойдың, сондай-ақ өзге де тұяқты үй жануарларының терісін тұтас күйінде пайдаланып, оған түрлі тақырыпта бедер, «ойма сурет» салу – Құттыбек Жақыптың дербес шығармашылық өнертабысы, патенттелген техникасы.