Тәуелсіз Қазақстан: Алматыда мұғалімдер арасында интеллектуалды ойын өтті

2023-12-15
Media drive
Ссылка на страницу
«Тәуелсіз Қазақстан: ұлттық мүдде, шығармашыл тұлға, саналы ұрпақ». Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы №36 гимназияда осындай тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті. Шығармашылық жиын барысында «Бірыңғай білім» бағдарламасы бойынша тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар мұғалімдер арасында интеллектуалды ойын өткізілді.

– Іс-шараның мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында биылғы оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды қолдау орталығы және тәрбие жұмысын негізгі құндылықтарға бағытталған жұмыстармен жандандыру.