Тәуелсіздік күні: Мұхтар Шаханов жастармен кездесті

2023-12-14
Media drive
Ссылка на страницу
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның халық жазушысы, ғасыр тұлғасы Мұхтар Шаханов жастармен кездесті. Шығармашылық кеш Алматыдағы мектептердің бірінде ұйымдастырылды. Іс-шарада ақынның өлеңдері оқылып, жиналған жұрт драматург қайраткер жайында біраз ақпар білді. Басқосуда Шаханов сөз сөйлеп, ақ батасын берді. Егеменді еліміздің, жалпы қарға тамырлы қазақ қоғамына еңбегі сіңген азамат азаттықтың мәніне кеңінен тоқталып, тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін еске салды. Сондықтан оны қорғау, мемлекеттің беделін көтеру болашақтың міндеті екенін айтты.