Өмірімнің мәні мен сәні: жаңа туынды жарық көрді

2023-11-22
Media drive
Ссылка на страницу
Академик, антрополог ғалым Оразақ Смағұловтың «Өмірімнің мәні мен сәні» атты жаңа ғұмырнамалық кітабы таныстырылды.
Ғылым жолына бар ғұмырын арнаған тұлғаның теперіші мен тағылымы мол тағдыры жазылған туындыдан кез келген оқырман сабақ алмақ. Онда далалық экспедициялар мен әлемнің әр қиырына ғылыми конференцияларға барған сапарларындағы шытырман оқиғалары баяндалған.
Атыраудан Алтайға дейінгі кең даланы 50 ғасырдан бері бабалар мекен етіп келе жатқанын дәлелдеуге ғұмырын арнаған қазақтың тұңғыш антрополог ғалымы Оразақ Смағұлов 93 жасқа толды.