«Ғылым – жастардың болашағы» атты жас ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

2023-11-10
Media drive
Ссылка на страницу
Қазақстан Ғылым Академиясының Тұңғыш  Президенті, көрнекті геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрылғанына 90 жыл толуы қарсаңында «Ғылым – жастардың болашағы» атты белгілі жас ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Техникалық ғылымдар –  ғылыми білімнің дербес саласы, қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторы. Техникалық ғылым мен өндіріс қосылып, біртұтас процеске айналды. Осы ғылым саласын меңгеру барысында жастарға арналған бірқатар жобалар жасалып жатыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында бүгінгі таңда қоғамды және елімізді өзгертуге бағытталған елеулі нәтижелерге қол жеткізіп отырған техникалық мамандықтардың көшбасшылары, нағыз ғылым майталмандары, Қазақ ұлттық техникалық университетінің жас білікті оқытушыларымен танымдық кездесу өткізіліп, олар өз білімдерімен және дағдыларымен бөлісті.          
Ғылыми жобалардың жетекшілері жастарға мақсатқа жету тәжірибесімен бөлісіп, оларға өз жоспарларын жүзеге асыруға күш пен құлшыныс беретінін айтып, өздерінің интеллектуалдық жұмыстарын ұсынды.          
Іс-шараға Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушылары, жас ғалымдар, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушылары, мұғалімдер қатысты.            
Шара соңында кітапхана директоры Б.Оспанова сөз сөйлеп, арнайы қонақтарды Алғыс хатпен марапаттады.