Балалар кітапханасы атты жаңа бағдарлама жүзеге асырылуда

2023-11-15
Media drive
Ссылка на страницу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған болатын. «Балалар кітапханасы» бағдарламасында жасақталған тізімнің 76% отандық болса, қалғаны әлем әдебиетінің таңдаулы еңбектері.
Бұл жоба аясында Алматы қаласы білім басқармасы бірқатар жұмыс атқаруда. № 173 мектеп-лицейінің директоры Ләйлә Байымбетованың айтуыша, мектепте 750 жуық отандық әдеби кітап, шетелдік классиктердің аудармалары жасақталған. Барлығы балаларға қолжетімді.
«Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімін жасақтау үшін арнайы комиссия жұмыс атқарған.  Жасақталған тізімнің 40% көне классикалық әдебиет, 30% «Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет», 24% әлемдік әдебиеттің үздік үлгілері.
Оқу-ағарту министрілігінің мәліметінше, қазіргі күні мектептердегі балалар әдебиетінің қоры 40 миллионға жуық. Ал «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында берілген тапсырыстар келесі жылға дейін мектептерге толық қолжетімді болады деп жоспарланып отыр.