Өтебай Қанахиннің 100 жылдық мерейтойына орай «Кісіліктің биік шыңы» атты еске алу кеші өтті

2023-11-03
Media drive
Ссылка на страницу
Іс-шарада Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогикалық университетінің студенттері Данияр Мұратбеков Қадыр-Мырза Әлидің «Адам қызығатын алпыс» өлеңін, Дильназ Қыдырбаева Өтебай Қанахиннің Құдірет романынан үзінді және Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің 10 «а» сынып ұландары Асылғазы Ержанұлы, Дулат Тәжібек Өтебай Қанахинге арналған өлең жолдарын оқыды. Сондай-ақ, «Береке» мәдениет үйінің әншісі Сая Аманбаева «Бастау», «Алғыс» әндерін шырқады.
Шараны модератор Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының аға редакторы - Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ө. Қанахиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Кісіліктің биік шыңы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.