«Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық байқауы

2023-10-06
Media drive
Ссылка на страницу
ҚР Ұлттық кітапханасында «Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Қазақстанның 14 облысында өткен байқаудың бірінші кезең жеңімпаздары «Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық қорытынды байқауының қатысушылары болды.

Байқау: қатысушының алдын-ала дайындалып, жіберілген кәсіби материалды қорғауы; Ұйымдастыру комитеті әзірлеген тапсырмаларды орындауы; кәсіби шеберлік пен дағдыларды меңгеру дәрежесін көрсетуі; туған өлкесіне арналған шығармашылық өнері сияқты кәсіби және шығармашылық бөлімдерден тұратын бес кезеңді қамтыды.


Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталып, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқауға танымал әншілер – Меруерт Түсіпбаева мен Талант Арынғали келіп, әннен шашу шашты.