Кемел Тоқаевтың шығармашылығына арналған ғылыми конференция

2023-10-04
Media drive
Ссылка на страницу
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Мақсаты - әдебиетіміздің алтын қорын классикалық шығармалармен байытқан әрбір тұлғаға тағзым ету, олардың шығармашылығын зерттеу мен зерделеу, қалың жұртшылыққа насихаттау Конференция барысында оның шығармалар жинағын қайта басып шығару мен қазақ детектив жанрының әрі қарай дамуына жол ашу, осы жанрда қалам тартып жүрген жазушыларға жағдай жасау туралы қарар қабылданды.