«Шаяхмет Имашұлы: Поэзия – тіл үйренудің төте жолы». Ақынға арналған шығармашылық кеш.

2023-08-09
Media drive
Ссылка на страницу
Алматыда кино қайраткері, ақын, мұқағалитанушы Шаяхмет Имашұлымен кездесу өтті. Іс-шарада қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын-жазушылардың шығармалары оқылып, поэзиядан сыр шертілді. Кездесуге тіл жанашырлары мен ақынның достары, үзеңгілес-замандастары келді. Еңбек жолын «Қазақфильмде» актер болып бастаған Шаяхмет Имашұлы түрлі отандық кинотуындыларға түскен. Қазақ кино өнерінің үздігі, 150-дей фильмге дубляж жасап, алтын қорға мол үлес қосқан қайраткер. Басқосу қоғам зиялысының мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.