«Өрім» көрмесі

2023-04-24
Media drive
Ссылка на страницу

Алматы музейінде гобеленші, қазақстандық «Шебер» байқауының жеңімпазы, Еуродизайнерлер одағының мүшесі, халықтық және заманауи қолөнерді ұштастыра дәріптеп жүрген Құндыз Жылыбаеваның «Өрім» деп аталатын көрмесі ашылды. Оған қолөнершінің гобеленмен тоқылған жиырмадан астам туындысы қойылды.

«Өрім» көрмесіне жіппен тоқылған құмыраларымен бірге, «Шашбаулым», «Бақыт құсы», «Даналықпен кездесу» сынды танымал гобелендері қойылған.