Лондонда Дулат Исабековтің Бөрте туралы пьесасының таныстырылымы өтті

2022-10-23
Media drive
Ссылка на страницу
Қазақтың жазушы-драматургі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің Шыңғысханның жары Бөртеге арналған пьесасының әлемдік тұсаукесері Лондонда өтті.
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен, Еуразиялық шығармашылық гильдиясының (Лондон) қолдауымен «Бөрте, әлем патшайымы» қойылымының халықаралық таныстырылымы болды. Спектакль ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мельбурн қаласында (Австралия) көрсетіледі, ал келесі жылы ұйымдастырушылар труппаның бұл спектакльымен Ұлыбритания мен АҚШ-қа гастрольдік сапарын жоспарлап отыр.