«Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы

2022-10-08
Media drive
Ссылка на страницу
Мемлекет басшысының бастамасымен өткен «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы аясында тауларды тазарту бойынша экологиялық сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысты. Акцияға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, азаматтық белсенділер мен еріктілер қосылды. Өз кезегінде алматылық студенттер «Eco Student KZ» республикалық жобасын қолдады.
Сенбілікке қатысушылар үшін қаладан трансферлер ұйымдастырылып, қажетті заттар мен түскі бокстар ұсынылды. Сенбілік басталғанға дейін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары таулы жерлерде қауіпсіздік және мінез-құлық ережелері бойынша нұсқаулық өткізді.