«Қыз Жібек» картинасының режиссерін еске алды

2023-03-10
Media drive
Ссылка на страницу

Алматыда «Қыз Жібек» картинасының режиссерін еске алды. 10 наурыз қазақ киносының алтын қорына айналған «Қыз-Жібек» фильмінің режиссері Сұлтан-Ахмет Қожықовтың туғанына 100 жыл толды.

Айтулы датаға орай Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының Жұлдыздар аллеясындағы естелік- жұлдызына гүл шоғын қойды. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткерінің құрметіне туыстары, танымал кинематографтар және «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы жиналды. Көрнекті режиссердің мерейтойына арналған іс-шара Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицейдің қабырғасында жалғасты. Лицей оқушылары шығармашылық кеш ұйымдастырып, қонақтарға мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығынан театрландырылған қойылым ұсынды.  Іс-шараға С.Қожықовтың жиені Сәуле Қожықова, белгілі кино қайраткерлері: режиссер Болат Шәріп, актер-продюсер Олжабай Мұсабеков, С. Қожықов туралы түсірілген «Война и мир» деректі фильмінің авторы Болат Нүсімбеков, режиссер-документалист Сатыбалды Текеев, танымал актер Ерболат Тоғызақов және қаланың білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.