Духовные аспекты формирования религиозной идентичности народа Великой степи

2019-02-20
Media drive
Ссылка на страницу
А.ж. 20 ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану Институтында «Ұлы дала халқының діни бірегейлігі қалыптасуының рухани қырлары» тақырыбындағы ғылыми конференция өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы дала халқының діни бірегейлігін қалыптастырудағы рухани аспектісі мен өзекті мәселелерін талқылау.
Ғылыми конференция барысында Ұлы дала халқының діни бірегейлігін қалыптастырудың философиялық және дәстүрлі заманауи қоғамның діндарлық деңгейіне сараптама жасау, сонымен қатар қазақ халқының мемлекеттік қалыптасуындағы оның рөлі талқыланды.
Конференцияға жоғарыда аталған институттың ғылыми қызметкерлері, Алматы қаласы ЖОО профессор-оқытушы құрамы, ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысты.