«Манас – жыршылық өнерінің алтын арқауы»әдеби-сазды кеші

2023-05-12
Media drive
Ссылка на страницу
«Манас – қазақ, қырғыз жыршылық өнерінің алтын арқауы». Алматыда осындай атаумен әдеби-сазды кеш өтті.
Мақсат – түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру. Іс-шараға көрші қырғыз елінен қаламгерлер мен жыршылар келді. «Манас жырын жарыққа шығарып, оны идеология құрығынан құтқаруға Мұхтар Әуезов ерекше еңбек сіңірген. Бұл қазақ-қырғыз елінің жақындығын және жанашырлығын айқын көрсетеді» деді кешті ұйымдастырғандар.
Сондай-ақ елімізге Қырғызстаннан «Манас» жырын 124 сағат оқып, Гиннесс рекордын орнатқан белгілі жыршы Рысбай Исақов арнайы келіп қатысты.