«Түркі әлемінің генезисі»

2022-03-03
Media drive
Ссылка на страницу
Қазақстан, түркілердің ата қонысы – киелі «Қара шаңырақ». Түркі тайпалары мен халықтары басқа мемлекеттердің тарихында өз ізін қалдырып , жер шарының әр түкпіріне даласын тастап кетті. Біздің жеріміз көптеген материалдық мәдениет нысандары шыққан мекенге айналды. Ұлы Дала әлемге көптеген техникалық өнертабыстар ашты, оларсыз қазіргі әлемді елестету қиын. Қазақ жері жылқы шаруашылығы мен ат спорты мәдениетінің іргетасын қалап, металлургияның орталығына айналды, онда ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіруді дамытқан. Ерте дәуірдегі әшекейлер, заттар мен қару-жарақтар дала өркениетінің жоғары технологиялық дамуы туралы айтады. Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы қорғандарды қазу кезінде табылған қола мен алтынның «аң стилінде» жасалған тұрмыстық бұйымдар мен әшекейлер ерекше әсер қалдырады.
Өзінің бірегейлігімен және сұлулығымен әлемге әйгілі алтын сақ жауынгері тәуелсіз Қазақстанның символына айналды. Бізді уақыттың тұманына батырған қалалық сәулет өнері мен бүгінгі күнге дейін жеткен сәулет ескерткіштері. Дәл сол кезде ең көне көшпенділер дала өркениетінің жауһары – киіз үйді ойлап тапты.
Көшпелілер даласынан өтетін Ұлы Жібек жолы мыңдаған жылдар бойы Батыс пен Шығысты біріктірді. Ұлы Жібек жолының інжу-маржаны – көне Түркістан қаласы сан ғасырлар бойы Қазақ хандығының астанасы және бүкіл түркі әлемінің рухани орталығы болды. Қазір Түркістан – Қазақстанның әсем, туристік, қарқынды дамып келе жатқан сәулет келбеті бай қаласы. Біз осы күнге дейін ата-бабамыздың музыкалық мұрасын, халықтық қолөнерді, отбасылық әдет-ғұрыптарды, ұлттық спорт түрлерін мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеміз. Алматыда жыл сайын өтетін «Ұлы Дала – Көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестивалі уақыт машинасындай бізді көшпелілер өркениетінің дәуіріне алып шықты. Фестиваль түркі әлемінің өкілдерін жинап, түркі тайпаларының жауынгерлік өнерін, дәстүрлі мәдениеті мен тұрмысын паш етті.
Тарих – халықтың тарихи жолын көрсететін айна. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада түркі әлемінің шығу тегі мен бүгінгі күнге дейінгі генезисі мен өркениеті туралы нақты түсінік берілген.
Өзінің төл тарихы бар қазіргі Қазақстан Ұлы дала мұрасының барлық алуандығын бойына сіңірді. Ал бүгін біз өзімізді ұлы дала өркениетінің барлық жан-жақтылығымен, көп қырлылығымен ұрпағымыз деп мақтанышпен танимыз.