«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанына төрт жыл

2021-04-12
Media drive
Ссылка на страницу
Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанына төрт жыл толды.⠀ Бағдарлама - ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар. Осы бағытта Алматы қаласында көптеген жобалар жүзеге асырылуда.⠀ Бірқатар әлеуметтік маңызға ие ғимараттар жөндеуден өтіп, көшелер абаттандырылды. Қала кітапханалары заманауи модельде модернизацияланды, киелі жерлеріміздің тізімдері белгіленді, ескерткіштер жаңартылды, кітап және тарихи экспонаттар қоры цифрландырылды.⠀ Бүгін, осы айтулы күнге орай, Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде арнайы жиын өтті. Іс-шара барысында жобалық кеңсе директоры Г.Қоңырова ұжым қызметкерлерін мерекемен құттықтап, осы уақытқа дейін қалада Бағдарламаның жүзеге асырылу барысы және алдағы жұмыстар туралы сөз қозғады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаеваның атынан жобалық кеңсенің арнайы жобаларын іске асыру бөлімінің қызметкерлері Гүлсім Сапақова мен Әсел Ерболат марапатталды, олар Бағдарлама жарияланған күннен бастап қызмет етіп, қоғамның санасын жаңғыртуға өз үлестерін қосуда.